Арыстағы қираған үйлер жөнделіп, көшелер қалпына келтіріліп жатқанымен, оның зардабын ұмыту мүмкін емес. Қаладағы жарылыс кезінде көлік астына түсіп, жарақат алған 9 жастағы бала бүгін аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ол бір ай бұрын аса ауыр жағдайда елордадағы № 2 балалар ауруханасына жеткізілген еді. Жеткіншектің барлық ағзасына зақым келген,-дейді дәрігерлер. Бірнеше рет операция жасалған. Алайда ажалдан арашалап қалу мүмкін болмаған.
Әйгерім Лебаева, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы:
Барлық профессор, нейрохирургтермен кеңесіп, Москва қаласынан келген нейрохирургтің кеңесін алған болатын. Баланы құтқару үшін барлық жағдай жасалды. Дегенмен де бүгін сағат 9:00-де бала қайтыс болды. Туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз.
Сондай-ақ арыстық тағы бір бала елордада емделді. Оның жағдайы тәуір болған соң үйіне қайтарылған. Жалпы Арыстағы жарылыс салдарынан 409 адам дәрігерлердің көмегіне жүгініп, ем алған.
Нысаналы ЫҒЫЛ