Ақтөбеде ажырасу саны көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ажырасу саны көбейді

05.08.2019

«Бұл көрсеткіш бойынша бұл өңір елімізде алдынғы орында тұр», - дейді мамандар.

Жыл басынан бері некені бұзу туралы 1200 арыз түскен. Отбасын сақтау орталығының мамандары оларды татуластыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқандарын айтады. Арнайы семинарлар ұйымдастырылып, арыз берген жұптарға психологтар кеңесі беріледі. Орталық қызметкерлерінің міндеті - ажырасу кезеңінде жүрген ерлі-зайыптыларға моральдық және психологиялық көмек көрсету. Қазір 585 жұп осындай татуласу кезеңінде жүр.

Айгүл Байжанова, «Отбасылық сот» жобасының психологі:

Осы жоба бойынша бізде нәтиже көп. Себебі татуластыратын жұптар бар. Бізде статистика жүргізіліп жатыр. Бірінші семинар бойынша адамдар жазылды. Өздерінің алғыстарын айтып жатыр. Бірақ қазіргі адамдар әлі дайын емес сияқты, осындай ақысыз білімді алуға. Аз жазылады.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу