Азаматтық қаруды сақтау және өзімен алып жүру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұған дейін бір адамға аңшылыққа немесе спорттық мақсатта па йдаланатын 10 қару ұстауға рұқсат етілсе, енді ол 4-еуге дейін қысқартылды.
Жеке қаруды сақтау талабында да өзгеріс бар. Үйге арнайы сейф пен дабыл орнатып немесе бекітілген орындарда сақтауға болады. Бұрын мұндай талап қызметтік қару ұстайтындарға ғана қойылатын. Қару мен оқ-дәрі сататын дүкендердің орналасуы мен жұмысына өзгерістер енгізілді.
Мақсат Байболов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
Қай жерде олар орналасуы керек. Мысалы, тұрғын үйдің астында болмауы керек. Басқа да мекемелердің астында, мектептерде, басқа да гостиница, больницаларда сондай жерлерде болмауы керек. Сондай жағынан біз қатаң тәртіп ретінде соендай ұсыныстарды енгізгенбіз.