Қызылордада «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі нәтижелі жұмыс істеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі нәтижелі жұмыс істеуде

07.08.2019

Қызылордада «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі нәтижелі жұмыс істеуде. Биыл  жобалық кеңсе  емдеу мекемелеріне, білім беру ұйымдарына, жалпы барлық сала бойынша мониторинг жүргізген болатын. Кемшіліктерді анықтап, 20  ұсыныс берді. Олқылықтарды жөндеуге уақыт берілді. Нәтижесінде сол ұсыныстардың тең жартысы шешіліп,    мекемелерде қолайлы орта қалыптасты.

Облыстық медициналық орталыққа   күніне 5 мың науқас қабылданады. Көпбейінді емдеу мекемесінің мүмкіндігі кең. Бірақ «Ақмешіт -адалдық алаңы» жобалық кеңсесі  емдеу мекемесінде  бірқатар кемшілікті анықтады.

Ләззат Крымова, ОМО  директорының орынбасары:

Күту залы жоқ еді. Соны орналастырдық... Санитарлық-эпидемиялогиялық режим дұрысталды. Біршама жұмыстар қалпына келтірілді.

Соңғы үш жылда облыстық емдеу мекемелерінде сыбайлас жемқорлық сипатында 30 қылмыс тіркелген. Соның 29-ының тергеу нәтижесі бойынша келтірілген 65 миллион теңге залал мемлекетке қайтарылды.   ҚР  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы     облыстағы  емдеу мекемелерінің бас дәрігерлерімен кездесіп, жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Бұл орайда кешенді шара керек. Сыбайластық сипаттағы құқық бұзушылықтар кәсіпкерлік саласында да бар. Бизнес жүргізуге кедергі болмауы керек.

Бақытжан Ниязов,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

6 кәсіпкерге кедергі келтірумен байланысты қылмыстық-құқық бұзушылық тергеліп, тіркеліп, ол сотқа жолданды. Құқық бұзушылықтарды талдау жасаған кезде бұрынғыдай тіркеу барысында, есеп тапсыру барысындағы  құқық бұзушылықтар жойылған.

«Ақмешіт-адалдық алаңы» жобасының көздегені де осы. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу, жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру. Бұл орайдағы жұмыстар әлі де жалғасады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу