Ақтауда «Туған жерге тағзым» акциясы аясында тұрғын тозығы жеткен спорт алаңын қайта жөндеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Туған жерге тағзым» акциясы аясында тұрғын тозығы жеткен спорт алаңын қайта жөндеп берді

12.08.2019

«Туған жерге тағзым!» акциясы аясында Ақтаулық тұрғын тозығы жеткен спорт алаңын қайта жөндеп берді.

13 шағын ауданда орналасқан алаң бүгінде адам танымастай өзгерді. Аумағына тегістелген бетон құйылып, балалардың өміріне қауіпсіз резеңке жабынмен қапталды. Қазір мұнда бір мезгілде 100 бала спортпен шұғылдана алады. Кәсіпкер спорттық балалар алаңын қайта жасақтау үшін, 12 миллион теңге қаржы жұмсаған.

Арман Ғұбайдулин, Ақтау қаласының тұрғыны:

Кезінде өзім осы алаңда футбол ойнап өскенмін. Арада біраз жыл өтті. Былтыр тоз-тозы шыққан алаңды көріп, бала кезім еске түсті. Содан жөндеп беремін деп шешкен болатынмын. Қазір міне, балалардың қуанышын көріп, риза болып тұрмын.

Аягөз ОРАЛБАЙ

 

 

Хабарламаларға жазылу