Қала әкімі Алтай Көлгінов «LRT» құрылысының аз уақытта қайта жанданатынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала әкімі Алтай Көлгінов «LRT» құрылысының аз уақытта қайта жанданатынын айтты

13.08.2019

«LRT» құрылысы аз уақытта қайта жанданады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы жеңіл рельсті көліктің құрылысына қажетті қаржыны отандық банкілер беретінін айтты. Барлық нормативті-құқықтық құжаттар үкіметтік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банк пен «Бәйтерек» холдингімен келіскен. Бұл қаражат жұмысты бастап кетуге жеткілікті. Әкім өз сөзінде қытайлық инвестициядан бас тарту туралы шешім қабылданғанын ескертті.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

Екінші деңгейлі банктермен... 800 миллион АҚШ доллары үнемделді. Біз «Халық банкпен» 3 пайыздық қарызбен 500 миллион АҚШ доллар сондай-ақ, 100 миллион АҚШ доллары бойынша «Бәйтерек»  холдингі арқылы...

Ғабит БӨКЕНБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу