600-ден астам павлодарлық тұрғын қайта даярлау курсынан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

600-ден астам павлодарлық тұрғын қайта даярлау курсынан өтті

14.08.2019

«Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты аясында 600-ден аса павлодарлық тұрғын қайта даярлау курсынан өтіп, жаңа мамандықтарды игерді. Олардың 120-дан астамы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Айта кету керек, мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсінген тұрғындар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына келіп, өтініш беруде. Себебі аймақта бос жұмыс орындары бар. Бірақ орналаса қоюға адамдардың мамандықтары сәйкес келе бермейді. Ал кәсіптік қайта даярлау орталықтары нарықта сұранысқа ие мамандарды оқытуға негізделген. Осыны ескере келе облыс республикалық бюджеттен қосымша қаржы алып жатыр.

Хилуа Кашкенова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары:

Бізге ұлттық қордан қаражат бөлінді. Соған сәйкес 1 қыркүйектен бастап биылға жоспарланғаннан басқа қосымша 2300 адамды қысқа мерзімді оқыту курсіне жібереміз. Жұмыс күші жетпей жатқан кәсіпорындардан мәліметтер алып жатырмыз. Үш айдың ішінде курсты аяқтап, мамандар соларға жұмысқа барады.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу