Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевті қабылдады. Тұңғыш Президентке өңірдің даму барысы және әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық саябақтың табиғи ресурстарын қорғау мәселелеріне назар аударды. Бұдан бөлек, Елбасы өңірдегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне, әлеуметтік және спорт инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ тұрғындардың табысын арттыру және тұрмысы нашар азаматтарға көмек көрсету үшін атқарылып жатқан шараларға баса мән берді.
Дулат НУРКИН