Елордада «Job fair-2019» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер кездескен алаңға 80-нен астам мекеме қатысуда. Ал жұмысқа орналасушылар, негізінен, «Болашақ» бағдарламасының түлектері. Сондай-ақ олардың арасында шетелдерде өз бетімен оқып келген азаматтар бар. Жалпы саны 500-дей. Олар осы жәрмеңке арқылы компания өкілдерімен тікелей тілдесіп, құжаттарын бірден өткізу мүмкіндігіне ие болды. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда «Болашақ» арқылы білім алып келген 10 мыңнан астам маман бар. Биыл осы бағдарлама арқылы білім алып жатқан 600-ден астам түлек оқуын аяқтап, елге оралады.
Ғалия Досмұхамбетова, «Халықаралық бағдарламалар» ақ президентінің міндетін атқарушы:
Жұмыс беру процессі бірнеше этаптан тұрады. Соның біріншісі — адаммен танысу, құжаттармен танысу. Ол — уақыт алады. Әсіресе жұмыс берушіге. Осы бірінші кезеңді біз жәрмеңке аясында өткізіп жатырмыз. Болашақ аясында оқытылатын барлық мамандар нарықтық сұранысқа қарай қалыптасады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ