Президент Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстаған Әли Тұрғанбековқа сәттілік тіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстаған Әли Тұрғанбековқа сәттілік тіледі

15.08.2019

Қазақстандық «Ник Вуйчич» атанған Әли Тұрғанбеков өз қолымен «Ливерпуль» ойыншыларына УЕФА Супер Кубогын табыстады. Жеңімпаздарға кубокты табыстау рәсіміне Әли УЕФА президенті Александер Чеферинмен бірге қатысты. Футболдан Еуропаның басты екі жүлдесін жеңіп алған Англияның «Ливерпуль» және «Челси» командалары арасындағы ойын 2-2 есебімен тең аяқталып, пенальтиден «Ливерпульдің» мерейі үстем болды. Екі аяқсыз дүниеге келген Әли Тұрғанбековтың футбол жұлдыздарымен кездесетіні бұған дейін хабарланған еді. Әли өзінің Instagram парақшасында Мұхаммед Салах, Роберто Фирмино, Лионель Месси секілді жұлдыздармен түскен суретін жариялаған. Екі жыл бұрын Әли өзінің кумирі Ник Вуйчичпен де жүздескен. УЕФА Суперкубогын табыстаған Әлиді бүгін Мемлекет басшысы да Twitter арқылы құттықтады. Президент: «Әли сенің мақсатқа жету жолындағы күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді. Барлық армандарың орындалсын», - деген жазба жариялады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу