Алматы облысының Райымбек ауданында жаңа әлеуметтік нысандар салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Райымбек ауданында жаңа әлеуметтік нысандар салынып жатыр

16.08.2019

Алматы облысының Райымбек ауданында республикалық маңызы бар, халыққа қызмет көрсететін жаңа нысандар бой көтеріп жатыр. Қазір өлкеде тұрғын үйлер мен ғимараттардың құрылыс жұмыстары қызу жүрде.

Сонымен қатар, елді мекендердің жолдары да жаңаруда. Жаңа жұмыс орындары да ашылып, жас мамандарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

Құрылғанына бір жылдан асқан ауданда әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алды. Солардың көбісі осы жылдың аяғына дейін пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, Нарынқол елді мекеніндегі 55 шақырым жол мен көшелер толыққанды жөнделеді.

Ғалым Жусанбаев, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары:

Жалпы, 400-ден аса адам құрылыс жұмыстарына жұмылдырылған. 55-60 техникамыз жұмыс істеп тұр. Барлығы қазіргі кезде жоспарланған уақытымен жүріп келе жатыр. Уақытында аяқтайды.

Жұмыс орындары да көптеп ашылып жатыр. Әсіресе, мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін жастарға қолдау көрсетіліліп келеді. Аудандағы мамандардың 70 пайызы - солар. Олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері де шешілген.

Бұдан бөлек, Райымбек ауданында биыл 20 пәтердің кілті көпбалалы мен тұрмысы төмен отбасыларға табыс етілді. Ал, алдағы уақытта 100-ге жуық тұрғын үйдің құрылысы басталады. Баспана мұқтаж жандар мен мемлекеттік қызметкерлер және жас мамандарға беріледі.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу