«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік нысанның қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Оның төртеуі түгелдей бұзылып, қайта тұрғызылған. Бұл туралы бүгін «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта 56 нысан пайдалануға берілген. Қалған 8 нысанның жөндеу жұмыстары 20 тамызда толық аяқталмақ.
Ал, қайта тұрғызылып жатқан ғимараттардың қатарында жедел-жәрдем, стоматологиялық бөлім, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және балабақша бар. Жалпы, «Самұрық-Қазына» Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына 7 млрд теңге бөлген.
Ербол МӘНДІБЕК