Бұл жолғы шара мұғалімдерге арнап ұйымдастырылды. Оған 100-ден аса компания қатысты. Жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру департаменті 2 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынып отыр.
Жұмыс беруші мен іздеуші бетпе-бет кездесіп, ашық алаңда тікелей тілдесті. Жастар сарайында өткен мамандандырылған жәрмеңкеге диплом алған түлектер көп келді. Жалпы, қалалық Еңбекпен қамту орталығында 7000 бос жұмыс орны бар. Сондай-ақ, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы да қалаған қызметке орналасуға болады. Биылғы тәжірибеге 1200 адамды жіберу жоспарда бар.
Рысжан Шамұратова, қалалық №42 мектептің мұғалімі:
Жаңа оқу жылы басталуға жақын. Сондықтан әр білім беру мекемесі өздеріне қажетті мамандарды жинайтын шақ. Жәрмеңке жақсы деңгейде өтіп жатыр. Өйткені бізге қажетті маман иелері келіп жатыр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ