Арыс вокзалының тарихи келбеті сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс вокзалының тарихи келбеті сақталады

16.08.2019

Арыс вокзалының тарихи-архитектуралық ажары сақталады. Теміржол станциясына алыстан арнайы келген тәуелсіз сарапшылар, сәулетшілер мен реставраторлар осындай тұжырымға келді.

Айта кетейік, Арыс теміржол вокзалының 100 жылдық тарихы бар. Сәулеті ерекше, қаланың басты нышаны. Жарылыстардан қатты зақымданған. Бүгінде ғимараттың іші-сырты жөнделіп жатыр. Құрылысшылардың қауырт қимылынан секем алған ұлт жанашырлары ескі нысанның тарихи келбетіне нұқсан келе ме деп дабыл қаққан еді. Алайда, тарихи ескерткіштерді қорғаумен айналысатын мамандар құрылыс басына шұғыл жетіп, жағдаймен жіті танысты. Айтуларынша, нысанның уақытша гипсакортонмен қапталып жатқаны - дұрыс шешім. Себебі реставрациялық жұмыстар - терең талдауды, бірнеше жылды талап ететін күрделі іс.

Садуақас Ағытаев, Халықаралық тарихи ескерткіштерді қорғау академиясының профессоры:

Кез келген уақытта ашып, қалпына келтіруге толық мүмкіндік бар. Сондықтан жасалып жатқан жұмыстар заң аясында жүріп жатыр деп айта аламыз.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу