Қарқаралы ұлттық табиғи паркі аумағындағы өрт өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарқаралы ұлттық табиғи паркі аумағындағы өрт өршіп барады

16.08.2019

Қарқаралы ұлттық табиғат паркінің Бақты орманды алқабындағы өрт шарпыған аумақ 3700 гектарға жетті. Соның 1900 гектары тоғайлы жерлер. Күннің ыстығы мен желдің әсерінен тілсіз жау өршіп, ырық бермей барады. Қазір оқиға орнында 370 адам мен 60 техника жұмыс істеп жатыр. Жергілікті тұрғындар да көмек беруде. Бұған қоса, су төгу құрылғысы бар 3 тікұшақ  жұмылдырылған. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Айта кету керек, өртеніп жатқан жерлер негізінен таулы. Оған техника бара алмайды. Соның салдарынан жалынды сөндіру тек қана тікұшақпен және жаяу әдіспен жүргізіліп жатыр.

Сағдат Тохметов, Орман шаруашылығы мекемесінің директоры:

Жел болған кезде өрт күшейеді. Адам түтінге демала алмай тұншығып қалу мүмкіндігі бар. Бір бағытпен ұрып тұрады, одан кейін бағытын ауыстырады... Ауылдық округтің барлығын жауып жіберіп халық көмектесіп жатыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу