Сібір жарасы анықталған елді мекендегі каратнин режимі 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Ауру ошағы мен 95 адам байланыста болған. Олар қазір мамандардың жіті бақылауында. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі Ақмола облысы Аршалы ауданында анықталған Сібір жарасы індеті бойынша түсініктеме берді. Белгілісі — Ольгинка ауылында ауру бойынша 5 дерек тіркеліп, оның төртеуі расталған. Қазір сол маңдағы үш елді мекен бақылауға алынды. Анықталған ақпараттар бойынша, бір топ ауыл тұрғыны ауру малды ветеринарлық қызметке хабарламастан сойып алған. Ол малдың 80 пайыз еті Ішкі істер органдарының күшімен табылып, залалсыздандырылған. Бірақ, 10 кг етті тұрғындар ас әзірлеуге пайдаланып үлгерген екен.
Арман Өтеғұлов, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы:
Сол елді мекендегі малдардың барлығына түгел бақылау жүргізіп жатырмыз. Күнде сол температурасын өлшеп отырмыз. Қазір малдардың барлығы сол иелерінің қолында ұсталуда және вакцинация жасалды. Қазіргі күнде Ольгинко елді мекенінде эпизоотиялық жағдай тұрақты.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ