БҚО-да жергілікті билік өкілдері Жер кодексінің талабын бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да жергілікті билік өкілдері Жер кодексінің талабын бұзған

21.08.2019

БҚО-да жергілікті билік өкілдері жер телімін саудаға шығарудың мерзімін бұзған. Бұл туралы кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мәлімдеді. Орал қаласы мен Бөрлі, Бәйтерек аудандарында осындай 16 дерек тіркелген. Жергілікті билік өкілдері 90 күннің ішінде аукцион өткізуі қажет. Бірақ Жер кодексінде қаралған бұл талап орындалмапты. Облыстық жер қатынастары басқармасының өкілдері мұның себебін 3 айда барлық рәсімді орындау мүмкін емес екенін айтады.

Жалпы, жыл басынан бері палатаға кәсіпкерлерден 117 шағым түскен. Олардың 30 пайызы жер беру мәселесіне қатысты. Кәсіпкерлерді жұмысын жеңілдетеді деген zem.kz ақпараттық порталы да тұралап тұр.

Валентина Гаршина, Облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

Геоақпараттық портал жұмыс істемейді. Кәсіпкерлерге жер телімдері жайлы толық мәліметті бере алмай отыр. Мұны жер қатынастары басқармасының өкілдері де мойындады. Жыл соңына дейін жұмыс істеуі керек дейді. Кәсіпкерлер құқығы бұзылмауы үшін біз әрі қарай да тиісті органдарға жүгінеміз.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу