Елімізде жыл сайын 200-ден астам адам өндірістік жарақаттан қайтыс болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл сайын 200-ден астам адам өндірістік жарақаттан қайтыс болады

22.08.2019

Елімізде жыл сайын 200-ден астам адам өндірістік жарақаттан қайтыс болады. Мың жарымы мүгедектер санатына қосылады. Өткен жылы тек Нұр-Сұлтан қаласында 60 өндірістік жарақаттану фактісі тіркеліп, оның 15-і адам өлімімен аяқталса, 26 адам мүгедек болып қалған.

Қайғылы жағдайлар көбіне құрылыс нысандарында, тау-кен өндірісі мен зауыт, фабрикаларда орын алады. Бұл мәселеде  жұмыс берушінің де жұмысшының да жауапкершілігі зор болу керек. Ал, ең бастысы, әр адам өз өміріне жауапты. Сол себепті кез келгеніміз «Сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуіміз керек деген мамандар, халық көп жиналатын орынға келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Өндіріс орындарында қандайда бір жазатайым жағдайға тап болса не істеу керек?», «Қайда хабарласуға?» болады деген сұрақтарға жауап берді. Шараны Қалалық қоғамдық даму басқармасы «Қазақстандық Даму қауымдастығымен»  бірлесіп ұйымдастырды.   

Төлеген Күнәділов, Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары:

2016 жылы «Қауіпсіз еңбек» деген үшжақты бағдарлама қабылданған болатын. Сол үшжақты бағдарламаны орындау барысында жалпы халыққа түсндірме жұмыстары жан-жақты жүргзіліп отыр. Соның нәтижесінде қазір азайып келе жатыр. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу