Экономикалық одақта бәсеке әділдік принципімен жүруі керек (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономикалық одақта бәсеке әділдік принципімен жүруі керек (толығырақ)

04.02.2014
Экономикалық одақта бәсеке әділдік принципімен жүруі керек (толығырақ)
Ресей, Беларусь және Қазақстан құрған Экономикалық одақта бәсеке әділдік принципімен жүруі керек. Бірақ, кей-кейде бұл талапты тараптар бұзып, соның салдарынан отандық кәсіпкерлеріміз қиындық көруде. Мұндай жаңалық Еуразиялық экономикалық комисияның жиынында мәлім болды.
 
Мәселен, Беларусь кәсіпкерлері Үкіметтен өте көп мөлшерде субсидия алады. Яғни, қолдауы мықты, тиісінше шығыны аз, тауарын да арзанға пұлдай алады.
 
Бұл аз болғандай, қазақ бизнесмендері тағы бір қиындыққа тап болды. Ресей теміржолдары арқылы тауарын тасып жүрген бізге Мәскеу халықаралық талаптар қойып, салықты да сол талаптарға сай ала бастады. Онысын Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен түсіндіреді.
 
Бұдан бөлек, осы отырыста кәсіпкерлер бар, сарапшылар бар бұдан былай Біріңғай экономикалық кеңістіктегі мүше мемлекеттердің бизнесмендері өз тауарын өткізу үшін «Біздің ғана тауар ең мықты» немесе «Біздікі тұрғанда, басқаны  қайтесің?!», деген сынды тәсілдерге сүйенуіне болмайды деген шешім шығарды.
 
 
Фазыл Алмат, Еуразиялық Экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары:
Мысалы, мына өнім Қазақстанда шығарылған, сапасы жоғары деп этикеткаға жалған жарнама жазу, шығарылған күні, құрамы туралы жалған жазу жосықсыз бәсеке деп аталады. Осы жосықсыз бәсекеге жол бермеу - Экономикалық комиссияның негізгі мақсаттарының бірі.
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу