Қазақ елі атауын ресейліктер қолдауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елі атауын ресейліктер қолдауда

06.03.2014
Қазақ елі атауын ресейліктер қолдауда
 
Қазақстанның атауын «Қазақ елі» деп өзгерту қажет. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл пікірін, ресейлік саясаттанушылар да қолдап отыр.
 
Олардың айтуынша, тәуелсіздік жылдары саяси-экономикалық салада зор табысқа жеткен еліміз, шынында да «стан» деген жалғау арқылы әлемнің артта қалған елдерімен қатар айтылмауы керек.
 
Оның үстіне, Қазақ елі атауы еліміздегі ұлт пен ұлысты біріктіріп, қоғамдағы тұрақтылықты арттырады. Алайда, бұл мәселені Президент айтқандай, көппен кеңесе отырып шешкен дұрыс.
 
Алексей Власов, «Север-Юг» саясаттану орталығының бас директоры:
Қазақстан Президентінің айтқанын толықтай қолдаймын. Ауғанстан, Пәкістан дегендей «станнан» құтылу керек. Өйткені, ол қазіргі Қазақ елінің географиялық,  геосаяси салмағына, жалпы даму бағытына мүлдем сай келмейді. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты шешім қабылдау үшін, халықтың пікірін тыңдаған жөн. Бұл тақырыпты зиялы қауым өкілдерінің, ғалымдардың, тіпті студенттердің және Қазақстан Халқы Ассамблеясы сынды қоғамдық институттардың талқысына салу керек.
 
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу