Түркі кеңесі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің VII отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі кеңесі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің VII отырысы өтті

21.04.2014
Түркі кеңесі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің VII отырысы өтті
Түркі халықтарының бірлігі беки түсуде. Бүгін Алматыда Түркі кеңесі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғыз елдерінің ақсақалдары қатысып, осы ұйым аясында дамып келе жатқан  Түркі ынтымақтастығының мәселелерін талқылады.
 
Алдымен 2009 жылы құрылған кеңестің 5 жылда атқарған жұмыстары айтылды. Маусым айында Түркияда өтетін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің IV саммитіне дайындық барысы пысықталды.
 
Биылғы саммит тақырыбы - төрт мемлекет арасындағы туризмді дамыту. Сондай-ақ, жиында Түркі диаспораларының аймақтық орталықтарын құру жайы сөз болды.
 
Қырғыз жерінде қыркүйек айында тұңғыш рет өтетін «Көшпенді елдің ұлттық ойындар фестивалінің» жобасы әзірленді. Жиын соңында қабылданған шешімдер Түркі кеңесінің IV саммитінде мемлекет басшыларына ұсынылатын болады. 
 
Халил Ақынжы, Түркі кеңесінің Бас хатшысы:
Түркілер бұрын-соңды қандай да бір халықаралық ұйым шеңберінде, саяси аренада да біріккен емес. Ал, осы кеңес құрылғалы 5 жылдың ішінде біздің достығымыз, түрлі саладағы ынтымақтастығымыз айтарлықтай дамыды.
 
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу