Түркітілдес елдердің әлеуметтанушылары бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркітілдес елдердің әлеуметтанушылары бас қосты

25.04.2014
Түркітілдес елдердің әлеуметтанушылары бас қосты
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қоғамның әлеуметтік дамуы. Бүгін Алматыда осы тақырыптаәлеуметтанушылардың V конгресі басталды. Жиынға Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғыз елдерінен өкілдер келді.
 
Бұл жолғы кеңесте әлеуметтік жаңарудың өзекті мәселелері талқыланды. Әсіресе, адами әлеуметтік капиталды дамытуға, түркі елдері арасындағы дінаралық қарым-қатынас, жастардың мамандығына деген қызығуышылығын арттыру жайларын сараптады.
 
Мәнсия Садырова, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор:
Жастардың 50 пайыздан астамы өзінің мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша, басқа мамандық бойынша жұмыс істейтіндер табысы 100-150 мыңнан жоғары жұмысқа орналасады екен. Мақсатымыз - еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыру.
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу