Түркітілдес мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркітілдес мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының отырысы өтті

28.04.2014
Түркітілдес мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының отырысы өтті
Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының жұмысы жанданып келеді. Осы ұйымға мүше елдердің өкілдері бүгін Астанада бас қосты.
 
 Төрт ел - Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғыз елінің заңдық-құқықтық базасын жетілдіру жайы басты назарда болды.
 
Құрылғанына 6 жылдай болған Парламенттік ассамблея бұған дейін мәдени және іскерлік байланыстар бойынша жұмыс істеп келді. Енді саяси және экономикалық бағытта да жұмыстар атқару жоспарланып отыр.
 
Болашақта ұйымның аясы кеңейіп, Өзбекстан мен Түркіменстанның мүшелікке өтуі мүмкін. 
 
Жандос Асанов, Түрік ПА Хатшылығының хатшысы:
Алдағы 1-2 жылда Қазақстанда көптеген транспорттық жобалар аяқталады. Әзірбайжан мен Түркияда да дәл солай. Жақын арада осы жобалардың әлеуетін толық пайдалана аламыз. Мұның өзі елдер арасындағы байланыстың ұлғаюына  септігін тигізеді деп сенемін.
 
Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу