Елбасы туралы әлем көшбасшыларының пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы туралы әлем көшбасшыларының пікірі

14.06.2014
Елбасы туралы әлем көшбасшыларының пікірі
 
Тәуелсіз Қазақстанның бүгінге дейін жеткен жетістігін, шыққан биігін саусақпен бүгіп санаудың қажеті жоқ. Бәрі ел назарында. Қазақ жұртының 20 жылда жеткен толағай табысы әлемнің аузында жүр, қазір. Саясаттағы белді тұлғалардың Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқан салмақты пікірлері соның дәлелі.
 
Жак Ширак, Францияның экс-президенті:
Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында-ақ тұрақты институттары және серпінді экономикасы бар елге айналды. Сондай-ақ, ол өңірлік және халықаралық деңгейлердегі әлемдік қауымдастықтың мүшесі болды. Мұның өзі ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген бастамаларын айғақтайды. Оның ішінде, әсіресе, Азиядағы Өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті, діндер мен мәдениеттер арасындағы диологты ерекше атап өтуге болады. Бұл бастамаларды Франция қашанда қолдайды. Қазақстан шын мәнінде мақтануға тұрарлық биік белестерді бағындырды.
 
Кофи Аннан, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы:
Қазақстанның ТМД-дағы өзге елдерден басты айырмашылығы, халқының бейбіт сүйгіштігі мен тұрақты дамуында және экономикалық жағынан қарқынды өсуінде. Сондай-ақ, Қазақстан көпұлтты халықтың тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз етуде өзге елдерге үлгі бола алады.
 
Абдуллах Гүл, Түркия Республикасының Президенті:
Сіздің көреген саясатыңыздың арқасында Қазақстан халықаралық қауымдастықта беделге ие болды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Өйткені, түбі бір түркі халқы ретінде біз Қазақстанның әрбір жетістігін өзіміздікі деп санаймыз әрі, мақтанамыз. Қазақстанның қазіргі экономикалық және саяси реформасы бүгінде Азияның «жарық жұлдызына» баланып жүр. Мемлекет тізгіні сіздің қолыңызда тұрғанда бұдан да биік белестерді бағындырасыз деп сенемін.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу