Қазақстанға Корея Республикасының президенті Пак Кын Хе келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға Корея Республикасының президенті Пак Кын Хе келді

18.06.2014
Қазақстанға Корея Республикасының президенті Пак Кын Хе келді
 
Бүгін Қазақстанға Корея Республикасының президенті Пак Кын Хе мемлекеттік сапармен келді.
 
Сапар аясында Корея Республикасының президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, деп күтілеуде.
 
Сондай-ақ, мәртебелі мейман Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойып, Мемлекет басшылары аллеясына ағаш отырғызады, деп жоспарланған.
 
Бұдан бөлек, Пак Кын Хе Корей диаспорасы суретшілерінің көрмесіне барады.

Хабарламаларға жазылу