Жак Ширак, Франция республикасының экс-президенті:
Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың қабілеті мен қасиетіне, көрегендігіне тәнтімін. Ол қандай да бір мәселенің шешімін қарастырғанда, оның сол сәттік ахуалға емес, болашаққа тигізер әсерін ойдан шығармайды. Үнемі болжам жасап отырады. Егемендікке қол жеткізгеннен бастап, Қазақстанның даму жолында көптеген кедергілер тұрды.
Бірақ мемлекет, Үкімет ол кедергілерге төтеп бере алды. Бүгінде Қазақстанның дүниеге берері де, алары да мол. Бейбіт саясат ұстанған Қазақстан көптеген ғаламдық шиеленіскен мәселелердің шешімін табуда үлкен рөл атқаруда.
Ху Цзиньтао, Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы:
ШЫҰ - Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі. Әлем мойындаған, қалың қауым санасатын, еңсесі биік ұйым. 2001 жылы «Шанхай бестігі» Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып құрылды. Бұл Назарбаевтың әлем тарихындағы ең елеулі рөлі болды. Сондықтан, Президенттеріңіздің, Қазақстанның әлем аренасындағы орны ерекше.
Хосе Луис Сапатеро, Испанияның бұрынғы премьер-министрі:
Экономикалық әлеуеті жөнінен Қазақстан Орталық Азиядағы аймақтық көшбасшы. Ал, осының бәрі дерлік мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының жемісі, деп жоғары бағалаймын. Бұл кісі елінің ертеңі үшін ерінбей еңбек етіп, ерен ерлік көрсете білді. Президенттің пәрменді бағдарламаларын өзге ел басшыларының пайдалануы оның асқан саясаткер екендігін білдіреді.
Алмат ӘБДІРАМАН