Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы қарым-қатынас жаңа қарқында дамитын болады.
Осы мақсатта бүгін Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуропа елдерінің дипломатиялық миссия жетекшілерімен кездесті.
Бұл кездесудің салмағы үлкен. Өйткені, қазір Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы байланыс қайтадан қаралып жатыр.
Еуроодақпен арада жаңа келісімдер жасау үшін жұмыстар басталып кетті.
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың сөзінше, бұл келісімдер Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне және Кеден одағының дамуына ықпал етпек.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ