Астанада ұлттық стандарттар жүйесі талқылануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ұлттық стандарттар жүйесі талқылануда

05.08.2014
Астанада ұлттық стандарттар жүйесі талқылануда

 Астанада ISO Халықаралық стандарттау ұйымының форумы басталды.

Оған Орталық Азия, Шығыс және Орталық Еуропаның ұлттық стандарттау органдарының басшылары қатысып жатыр.

Экономиканың тиімді және тұрақты прогресінің түйінді шарттарын талқылауға Румыния, Хорватия, Беларуссия, Албания, Латвия, Литва, Әзірбайжан, Грузия мемлекеттерінің техникалық реттеу және стандарттау саласының өкілдері жиналды.

Олар үздік халықаралық іс-тәжірибе негізінде ұлттық стандарттауды  жетілдіру жүйесін талқылауда. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ  

 

Хабарламаларға жазылу