Женевада Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының күзгі отырысы ашылды. Басқосуға Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация да қатысып жатыр.
Осымен 13-ші рет ұйымдастырылып отырған жиынға әлемнің 56 елінен барған депутаттар «Қауіпсіздіктің жаңа қатерлері; парламенттердің рөлі» тақырыбын талқылауда. Сондай-ақ, делегаттар әскери-саяси, экономика мен түрлі экологиялық проблеманы шешудің жолдарын сарапқа салатын болады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ