Жылына 100-ге жуық қазақстандық маман Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің қаржыландыруымен халықаралық орталықтарда білімін жетілдіріп, арнайы курстар мен конференцияларға қатысады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин хабарлады. Осылайша халықаралық ұйыммен техникалық әріптестік бағдарламасы аясында біздің ел 1995 жылдан бері білікті мамандар даярлап, атом энергетикасына қажет құрылғылар мен технологияларды алған.
Сондай-ақ, бүгін Орталық коммуникациялар қызметі 8-9 қазан күндері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгия Корольдігіне жұмыс сапарымен баратынын хабарлады. Сапар барысында Президент Еурокомиссияның басшылығымен де кездесу өткізеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 10 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде өтетін ТМД елдері мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады.