Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Атырау облысында биыл 3 құс фабрикасы мен фармацевтикалық препараттар шығаратын зауыттың құрылысы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов хабарлады.
Жалпы өңірде бұдан бөлек жыл соңына дейін 7 жоба іске қосылып, 466 жұмыс орны ашылады.