Облыс әкімі есеп берді (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Облыс әкімі есеп берді (толығырақ)

17.10.2014
Облыс әкімі есеп берді (толығырақ)

Атырау облысында күнкөріс деңгейінен төмен табыс алатын халықтың үлесі 3 есеге азайды. Өйткені адамның жайлы өмір сүруіне жағдай жасау - басты міндетіміз. Мұндай ойды бүгін Астанаға арнайы келген Атырау облысының әкімі айтты.

Бақтықожа Ізмұхамбетовтің мәлімдеуінше, елдің әлеуметтік жағдайы жақсара бермек. Оған облыстағы «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалар есеп болады.

Қазір өңірде 44 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Құны 1,6 триллион теңге.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу