Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды.
Халық қалаулылары көршілес мемлекеттің бірқатар мекеме басшыларымен жүздесіп, өзара ынтымақтастықтың жаңа жолдарын талқылады.
Қазақстандық делегация өкілдері алдымен «Қытай шетелдермен достық қоғамы» басшылығымен кездесті.
Бұл - 120 мемлекеттегі 370 халықтық бірлестіктермен тығыз байланыс орнатқан құзырлы мекеме.
Кездесу барысында Елбасы қоры мен аталмыш қоғам арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ