Мәскеуде халықаралық ұйым басшылары кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде халықаралық ұйым басшылары кездесті

08.11.2014
Мәскеуде халықаралық ұйым басшылары кездесті

Бұл туралы Мәскеу қаласында өткен, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық қауымдастығы және Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімшарты Ұйымы бас хатшыларының кездесуінде айтылды.

Жиында тараптар бұған дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесін шығарып, алдағы жоспарларын пысықтады. Ұйым жетекшілерінің пікірінше, алдағы уақытта әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты жұмыс тәртібін өзгерту қажет.

Яғни, аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық дамуды сақтау үшін бірнеше халықаралық ұйымның күш біріктіргені абзал.

Николай Бордюжа, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімшарты Ұйымының бас хатшысы:

Әрине біз терроризммен күреске ерекше мән беретін боламыз. Жақында ғана ұйым құрамындағы мемлекеттердің, осы мәселеге жауап беретін өкілдері арнайы кездесіп, бірқатар іс-шараны жоспарладық. Олардың барысын енді президенттерге баяндаймыз. Қазір ТМД елдерінің көптеген азаматы Сирия, Ирак және Ауғанстандағы террористік ұйымдардың қатарына қосылып жатыр. Біз бұған бей-жай қарай алмаймыз. Себебі олар ертеңгі күні  қайтып келіп, осы аймақта өз тәртібін орнатуға талпынуы мүмкін.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу