Екі елдің байланыстары барлық салада жылдан-жылға дамып келеді.
Сондықтан, қос мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдары екіжақты байланыстарды шынайы көрсетіп, әріптестіктің артуына үлес қосуы тиіс.
Тәуелсіздік күніне орай, Елші Марат Тәжин қазақстандық және ресейлік ақпарат құралдарының өкілдерін қабылдады.
Қазақ дипломаты Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының маңызды тұстарына қатысты ойларымен бөлісті.
Кездесу соңында бірқатар ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері «Ақпараттық саладағы қазақстандық-ресейлік қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлестері үшін» марапатталды.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ