Бірлігі мен ынтымағы жарасқан Қазақстан – түрлі ұлыстардың бір шаңырақтың астында бейбіт түрде өмір сүрулеріне қолайлы жағдай жасап отырған бірден бір мемлекет.
Татулық пен келісімнің тұмарына айналған Қазақ елінің бұл саясаты көпке үлгі болуы тиіс.
Түркия «Ұлы бірлік» партиясының басшысы Мұстафа Дестижі елші Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде осылай деді.
Түрік елінің ең үлкен партияларының бірін басқарып отырған саясаткер біздің елдің барлық бастамаларын қолдайтындығын айтты.
Ал, Жансейіт Түймебаев саяси ұйым төрағасын Президент Жолдауымен таныстырып, еліміздің болашақ жоспарларымен бөлісті.
Бақытжан ОМАР