Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Еуропарламент делегациясының басшысы Ивета Григулемен кездесті.
Тараптар қазақстандық-еуропалық өзара байланысты нығайту мәселелерін талқылады.
Қабиболла Жақыпов екіжақты байланысты арттыру біздің елдің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін айтты.
Шетелдік мейман Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық үдерісіне жоғары баға берді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ