Бұл туралы Мәскеуде өткен басқосуда айтылды. Жиынға Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения елдерінің монополияға қарсы орган басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі Нұрлан Алдабергенов қатысты. Тараптардың айтуынша, қазір одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысында, бір тауар түрлі бағамен сатылып жатыр. Әсіресе, дәрі-дәрмек, автокөліктің қосалқы бөлшектері, фосфат шикізаты сынды тауарларды сатуда бәсекелестік сақталып отырған жоқ. Енді осы және өзге де түйткілді мәселелерді, арнайы жұмыс тобы зерттеп, шешім қабылдайды.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ