Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысы биыл басталғанымен, интеграциялық процесстер біртіндеп жүреді.
2016 жылы дәрі-дәрмек заттарының ортақ нарығы қалыптасса, 2019 жылы электр энергетикасының, 2025 жылы мұнай мен газдың және қаржы саласының бірыңғай нарығы құрылады.
Мәскеу қаласында өткен сарапшылардың басқосуында осы және өзге де мәселелер жан-жақты талқыланды.
«Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения елдері тек экономикалық тұрғыда күш біріктіргенімен, тараптардың геосаяси әлеуеті де артады», дейді мамандар.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ