Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Түрікменстанның Қазақстандағы Елшісі Магтымгулы Акмырадовты қабылдады.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды сұрақтарын талқылай келіп, отын-энергетикалық сала, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация бағыттарына назар аударды.
Қабиболла Жақыпов түрікмендік әріптесін күзде өтетін түркітілдес елдер Парламентаралық ассамблеясының алтыншы пленарлық отырысына қатысу үшін Астанаға шақырды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ