«Байқоңыр әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы»АҚ-ның 11 еншілес компаниясы жекеменшікке өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Байқоңыр әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы»АҚ-ның 11 еншілес компаниясы жекеменшікке өтеді

07.08.2014
«Байқоңыр әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы»АҚ-ның 11 еншілес компаниясы жекеменшікке өтеді

Қызылорда облысы бойынша коммуналдық меншіктегі мемлекеттік сектордың 8 нысаны, ал, «Байқоңыр әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 11 еншілес компаниясы жекенің қолына өтеді.

Олар - «Нұрсәт» теннис орталығы, «Сырдария» балалар сауықтыру лагері, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Арал қалалық шаруашылық жүргізу құқығындағы көпсалалы коммуналдық кәсіпорын, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы және басқалары.

Аталған нысандарды сатылымға қою кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.  

Ринат Құдайбергенов, облыстық Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы: 

Биылғы жылы біз бір кәсіпорынды жеке секторға беруді жоспарлап отырмыз. Ол қараша айында жүзеге асырылмақшы. Бұл кәсіпорын Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы. Сонымен қатар, тамыз айында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бір нысаны жеке секторға берілді. Оған қоса тағы екі нысанды жеке секторға беру жоспарланып отыр.  Жалпы, үстіміздегі жылы корпорацияның 5 нысанын жеке секторға беру жоспарланған.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу