Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада 4 автокөлiк өткiзу пунктi жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада 4 автокөлiк өткiзу пунктi жабылады

09.04.2015
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада 4 автокөлiк өткiзу пунктi жабылады

Нақты айтқанда, «Төле би» - «Кушкинди», «Бiрлiк» - «Гагарин», «Сырдария» - «Малек», «Целинный» - «Ақ-алтын» пункттері Кеден одағының стандарттарына сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы үкiметi арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiм 2001 жылдың 16 қарашасында Астанада жасалған.

Сенат депутаттары отырыс барысында Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiм хаттамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасын қабылдады.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу