Мәскеуде бүгін Еуразиялық экономикалық Жоғары кеңестің отырысы өтуде.
Күн тәртібіндегі мәселе - Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі.
Көрші Қырғыз елі одақ шарттарын мойындар болса, Қазақ-Қырғыз шекарасында кедендік тексеру жойылады.
Бүгінгі кеңесте сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия өткен жылдың есебін береді. Экономикалық одаққа қатысты өзге де маңызды мәселелер талқыға түседі.