Алматыдағы әл-Фараби кітапханасында «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ тұрақты даму академиялық ықпал ету бағдарламасы бойынша жаһандық хабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының Коммуникация және қоғамдық ақпарат жөніндегі орынбасары Кристина Галлах қатысты.
Мамандар ақпарат таратудың жаһандық үлгілері, қоғамдық дипломатия, халықаралық істер және қауіпсіздік саясаты, трансформациялық көшбасшылық және аралас басқару жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кристина Галлах Қазақ елінің әлем халықтарының тұрақты даму бағдарламасына зор үлес қосып отырғанына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да біздің елмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтінін жеткізді.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ