Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына 12 мемлекет қосылуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына 12 мемлекет қосылуға ниетті

05.06.2015
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына 12 мемлекет қосылуға ниетті

Келешекте Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы әлемдегі ең ірі құрылымдардың біріне айналуы мүмкін. Алдағы уақытта оның құрамына  Үндістан, Пәкістан және Иран сынды барлығы 12 мемлекет қосылуға ниетті.

Шешім 9-10 шілде күндері Уфа қаласында өтетін ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары деңгейіндегі кездесуде қабылдануы тиіс.

Бұл туралы ШЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде айтылды.

Тараптар сонымен қатар, ұйым аумағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелеріне арналған конференцияға қатысты.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу