Жаңа бірлестікке қос палата өкілдері кіреді. Кеңестің құрылуы жалпы алғанда сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы өзара іс-қимыл келісімдерін орындау тиімділігін арттырады.
Кеңес алғашқы отырысын өткізді. Жүздесуде сауда-экономикалық қатынастарды нығайту, мемлекеттер арасындағы келісім-заңнамалық базаны жетілдіру жайлы әңгіме қозғалды.
Әсіресе, Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі жөнінде келісімді ратификациялауды жеделдетудің маңыздылығына назар аударылды.
Индира БЕГАЙДАР