Еуропалық одақ Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанмен берік әрі тұрақты қатынастар орнатуға міндетеме алды.
Айта кетейік, 22 маусымда Еуропалық одақ кеңесі Орталық Азия бойынша ұйым стратегиясы жөнінде қорытынды құжат қабылдаған.
Аталмыш кеңес Орталық Азия елдері арасындағы сауда және энергетикалық байланыстарды нығайту, табиғи ресурстарды тұрақты басқару және қауіпсіздік пен тұрақтылық бойынша ынтымақтастықты күшейтуді қолдап отыр.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ