Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, Елші Аурелиа Бушезді қабылдады.
Гүлшара Әбдіқалықова Елшінің Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы келіссөздерді дамытудағы қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, мемлекет тарапынан табысталған марапаттарымен құттықтады.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ