Болашақта Вьетнам еліне визасыз баруыңыз мүмкін. Бұл мәселені Мәжіліс төрағасы Қабиболлла Жақыпов Вьетнамның Қазақстандағы Елшісі Нгуен Ван Хоамен кездесуінде талқылады.
Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты мықтауға айрықша көңіл бөлу керектігін айтты. Мәжіліс спикері әлемдік экономикалық дағдарысты еңсеру жолындағы шаралардың барлығы, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталып жатқанын жеткізді.
Айта кету керек, Вьетнам елшісі Нгуен Ван Хоаның Қазақстандағы миссиясы осы тамыз айында бітеді. Соған қарамастан, дипломат екі ел арасында визасыз жүру тәртібін орнатуға атсалысатынын жеткізді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ