Президент реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету – Сенат жұмысындағы басым бағыт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету – Сенат жұмысындағы басым бағыт

01.09.2015
Президент реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету – Сенат жұмысындағы басым бағыт

Елбасының «100 қадамнан» тұратын Ұлт жоспарын заңнамалық қамту мақсатында алдағы 3-4 жылда жетпістен астам Заң қабылдау жоспарлануда.

Мұны Конституцияның 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияда Президент айтқан болатын. Соған орай Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері бойынша жоғарғы палатаның бюро мүшелері, аппарат басшыларымен кеңес өткізді.

Қалыптасқан ерекше ахуалға орай  спикер өз әріптестерін жеделдікке және заңдарды жоғары сапада қабылдауды қамтамасыз ету үшін жауапты орган өкілдерін қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды.

Себебі, алдағы 3-4 жылда қабылданатын 70-тен астам заңның 57-сі жыл соңына дейін қабылдануы тиіс.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу